eGov порталы арқылы жылжымалы мүліктің кепілі жөнінде анықтаманы 5 минутта алуға болады

Аталған қызмет «Ақпараттық Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында енгізілді. Оны жеке тұлғалармен қатар, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар да пайдалана алады.

Еgov порталы арқылы қызметті алу үшін пайдаланушы авторландырылудан өтуі шарт. Одан кейін «Жылжымайтын мүлік» тарауын таңдап, «Тұрғын үй қатынастары» салымын басу және пайда болған тізімде қажетті қызметті шерту қажет.

«Бұл онлайн-қызмет тұтынушылардың уақытын үнемдеуге көмектеседі.  Анықтама бар-жоғы 5 минуттың ішінде беріледі. Негізінде бұл процесс 2 жұмыс күнін алады. Сонымен қатар, порталда қызмет тегін ұсынылады, жылжымайтын мүлік орталығына немесе ХҚКО-на өтініш білдірген кезде анықтаманы алған үшін 0,5 АЕК (865,5 теңге) төлеу қажет», - делінген хабарламада.