e-Gov.kz порталының арқасында Қазақстан 78 млрд теңге үнемдеген

«2006 жылдар бері электронды үкіметке 46 млрд теңге бөлінген. Экономикалық тиімділігіне келер болсақ, электронды үкіметтің арқасында Қазақстан 78 млрд теңге үнемдеді»,-деді вице-министр журналистердің сұрағына жауап бере отырып.

Вице-министр хараблағандай, электрорды үкіметтің экономикалық шлюзі арқылы 18 млрд теңгеден артық сомаға 3 миллионға жуық транзакция өткен. Бұл соманың 10  млрд теңгеден астамы - 2015 жылға тиесілі.

Естеріңізге сала кетейік, қазір электронды үкімет аясында  900-ге жуық  қызмет түрі мен сервис автоматтандырылған. Соның ішінде, 240 қызмет түрі электронды үкімет порталының төңірегінде автоматтандырылған. Оы уақытқа дейін 130 миллионға жуық қызмет көрсетілген. Электронды үкімет порталында 5 миллионға жуық қолданушы тіркелген.