EgyptAir әуе апаты құрбандарының денелері Каирге жеткізілді

Сот-медециналық сараптама қаза тапқандардың денесін анықтау үшін олардың туысқандарынан ДНҚ сынамасын алады.

Еске сала кетсек, бейсенбі күні таңертең Парижден Каирге бет алған EgyptAir авиакомпаниясының А320 лайнері  апатқа ұшыраған болатын.

Ұшақта экипаж мүшелерін қосқанда барлығы 66 адам болған.