Эбола індетін жұқтырғандардың арасында қаза болғандар саны 70 пайызға жетті – ДДСҰ

Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына сілтеме жасай отырып АП агенттігі хабарлады.

ДДСҰ бас директорының көмекшісі Брюс Эйлвардтың айтуынша, бұл тым жоғары көрсеткіш болып саналады. Сондықтан ұйым ауру жұқтырғандарды оқшау ұстап, оларды мүмкіндігінше тезірек емдеу қажеттігін айтып отыр.

Ұйым сарапшыларының болжамынша, алдағы екі айда бір аптада Эболаны 10 мың адам жұқтыруы мүмкін.


Батыс Африка елдерінде індеттен ажал құшқандар саны 4 мыңнан асты. Эбола Либерия, Сьерра-Леоне, Нигерия мен Гвинеяда өршіп тұр.