Эбола құрбандарының саны 10 мыңнан асты – ДСҰ


Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлады.
Соңғы деректерге сүйенсек, жұқпалы дертті 24 мыңнан астам адам жұқтырған.
Олардың басым бөлігі және қаза болғандардың дені Сьерра-Леоне, Либерия және Гвинеяға тиесілі.