Эбола вирусынан қайтыс болғандар саны 1200-ден асты – ДДС мәліметі

  Бұл туралы кеше Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеді.

Денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, індет жұққызғандар саны 2240 адамды құрайды.

Қалыптасқан жағдайға байланысты БҰҰ Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы індет жайлаған аудандарға азық-түлік жеткізу бағдарламасын әзірлеу туралы мәлімдеді.

Індет Сьерра-Леоне, Либерия, Гвинея және Нигерияға таралған.


Эбола вирусы ауруға шалдыққан адамның қанымен, бөліп шығарған сұйықтықтарымен және ағзаларымен тікелей байланыс арқылы беріледі.