Эболаға қарсы дайындалған Glaxo екпесі алғашқы сынақтар нәтижесі бойынша қауіпсіз деп танылды


BBC хабарлауынша, компания жасап шыққан вакцина Бельгия мен Италиядағы зертханаларда дайындалды және бастапқы сынақтар нәтижесі бойынша қауіпсіз деп танылды.
Жиырма шақты ерікті азаматқа салынған вакцина дәрі-дәрмектің дозасын көбейткен кезде емделу мұүмкіндігі жоғарылайтынын әрі оның денсаулыққа кері әсер етпейтінін дәлелдеп берді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, бүгінде Эбола індетінен көз жұмғандар саны 5689-ға жетті. Тағы 16 мыңға жуық адам жұқпалы індет тырнағына іліккен. Бәрінен Гвинея, Либерия мен Сьерра-Леон тұрғындары қатты зардап шегіп отыр. Вирус Гвинея аймағында белең алып барады, дейді мамандар.