Эболаға қарсы егілетін дәрі әзірленіп жатыр


Оның бірін Ұлыбритания ғалымдары жасап жатса, екіншісін Қытай мен Жапония бірлесіп шығаруда. Соңғылары тіпті вакцинаны науқасқа қолданып та үлгерген. Нәтижесі жаман емес деседі. Қауіпті безгекке қарсы емді сондай-ақ Америка мен Еуропа зерттеу орталықтары да әзірлеп жатыр. Халықаралық ұйымның есебінше, сынақтың өзіне 1 жарым млрд доллар жұмсалған. Бүгінде Эболаны жұқтырғандар саны Африкада 14 мың жетсе, қаза тапқандар 5 мың адамнан асқан. Әсіресе, кесел ошағы - Гвинея, Либерия және Сьерра-Леионда жағдай қиын. Сақтық шарасы Қазақстан да қатаң жүргізіліп жатыр.