Бұл медициналық мекеме осы сынаққа Женева кантонының этикасы бойынша және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы комиссиялырының, сондай-ақ, дәрі-дәрмектерді авторландыру бойынша швейцариялық Swissmedic агенттігінің рұқсатын алған болатын.
Дүйсенбі күні алғаш рет басталатын бұл сынаққа 115 ерікті қатысады. Одан кейін оларға Германиядағы 40, Габондағы 60 және Кениядағы 40 ерікті қосылмақ. Вакцинаны тестілеуге 18 бен 60 жас аралығындағы дені сау адамдар қатысады. Бұған дейін Канада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілеттігіне везикулярлы стоматиттің рекомбинантты вирусына негізделген VSV-ZEBOV препаратының 800 дозасы бар Женевадағы штаб-пәтерін ұсынған еді. Ал екінші cAd3-ZEBOV шимпанзе аденовирусына негізделген вакцинаны еріктілерге тестілеу өткен жұма күні Лозанна қаласында басталып кетті. Осы сынаққа 121-ден астам адам қатысты. Олардың 100-і кәдімгі дәрі-дәрмектерді, ал қалған 21-і - плацебо қабылдайды. ДДСҰ вакцинаны адамдарға тестілеудің алғашқы қорытындыларын желтоқсан айына қарай алуды жоспарлап отыр.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметтері бойынша 2 қарашаға Эбола вирусын жұқтырғандар саны 13 042-ға, ал одан көз жұмғандардың нақты саны 4 818-ге жетті. Алайда, жергілікті тұрғындар жұқтыру жағдайлары және одан көз жұму фактілері туралы әрдайым хабарламайтындықтан, Эболаны жұқтырғандар және одан дүние салғандар саны одан да көп болуы мүмкін деп хабарлайды ДДСҰ. Эболадан қаза тапқандар саны үш батысафрикалық елдерде: Гвинея, Либерия және Сьера-Леонеде тіркелген. Бұған дейін ДДСҰ Нигерия және Сенегалда Эбола безгегінің тоқтағандығы туралы мәлімдеген еді. Сондай-ақ, ұйым Либерияда да Эбола безгегінің таралу қарқыны біртіндеп бәсеңдеп бара жатқандығын жариялады, деп жазады 24.kz.