Эдвард Сноуден алғаш телесұхбат берді

«АҚШ-тың экономикалық тыңшылыққа қатысы бар екеніне күмән жоқ», деп ол Мәскеуге келгелі бері Германияның NDR телекомпаниясына берген сұхбатында мәлімдеді.

«Ол мысал ретінде былай деді: «Егер «Сименс» компаниясы туралы ақпарат пайда болса, американдық арнайы қызмет оны АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігі үшін емес, ұлттық мүддесі үшін пайдалы деп есептесе, олар бұл ақпаратты іздеп табады».

Э.Сноуден американдық арнайы қызмет туралы енді құпия мәліметтері жоқ екенін, ол барлық құжатты журналистерге бергенін мәлімдеді.


2013 жылдың тамызында Э.Сноуден Ресейде уақытша пана тапты.