Бұл туралы АҚШ ҰҚА бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуден интернет арқылы пайдаланушылармен сұхбаттасу кезінде мәлімдеді.
Э.Сноуденнің айтуынша, федералдық үкіметтің тәкелсіз агенттігі Азаматтық бостандық және жеке өмірге қол сұқпау жөніндегі кеңес баяндамасында бүгінгі таңда ҰҚА жүргізіп отырған телефондарды жаппай аңду туралы былай делінген: «Біз бұл бағдарлама бұрын белгілі болған террористік сөз байласуды анықтауға немесе терактінің алдын алуға тікелей ікелген бірде бір жағдайда білмейміз».
«Тіпті федералдық билік ҰҚА бір бағдарлама аясында конституцияны кемінде 120 миллион рет бұзғанын, бірде бір әрекетті әшкерелемегенін, жаппай аңдуды тоқтататын уақыт келгенін мәлімдеуде. Осы конституцияға жат қызметті жалғастырудың қажеті шамалы», - дейді Сноуден.