Эфир кезінде үнқағаз ұстап шыққан арна қызметкері қалай жазаланғаны белгілі болды

Мария Овсянниковаға қатысты іс РФ ӘҚБтК-нің 20.2-бабы 2-бөлігі ("Ескертусіз қоғамдық іс-шараны ұйымдастыру немесе өткізу") бойынша қозғалған.

Адвокаттың айтуынша, құқық қорғау органдары қызметкерлері бір күн бұрын жарияланған басқа видеоға назар аударған, онда Овсянникова адамдарды митингтерге шығуға шақырған.

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Овсянникованың өзі сот отырысында кінәсін мойындамайтынын мәлімдеді.


"Кінәні мойындамаймын, бұл менің соғысқа қарсы сөзім болды", - деді ол.

Mash арнасының мәліметінше, тікелей эфир кезінде наразылық шарасын қалалық бөлімінің редакторы ұйымдастырған. Оқиғадан кейін оны полиция ұстаған.

Кейін "Первый канал" оқиға бойынша тексеріс жүргізіліп жатқанын айтты.