"Эйр Астана" әуе компаниясы Атырауда Бойнг 757-200 ұшағы апатты жағдайда қонды деген ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің ақпаратын жоққа шығарды

Хабарламада атап көрсетілгеніндей, ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігі баспасөз қызметінің ұшақтың апатты жағдайда қонғаны және ұшақтың сол жақ шассиінің тағаны шықпай қалғаны жөніндегі ақпараты шындыққа сәйкеспейді. "Шын мәнісінде, ұшақ шассиі шыққан, бірақ сол жақ тағанның шыққанын көрсететін индикатор жанбаған". Мұндай оқиға апатты жағдайлар санатына қосылмайды. Ұшақ қалыпты жағдайда қонды.