Эйр Астана әуе компаниясы Боинг-757 ұшақтарын басқару үшін шетелдік ұшқыштарды жұмысқа тартпақшы

"Үш Боинг ұшағын біз операциялық лизинг шартымен экипажсыз алдық. Бұл мақсатта өзімізге тиесілі экипаждар пайдаланылады. Алайда жоғарғы деңгейдегі ұшқыштар жеткіліксіз. Сол себепті біз аталмыш техниканы басқару үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға мәжбүр болмақпыз",- деді ЖАҚ президенті.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "Эйр Астана" ЖАҚ операциялық лизинг есебінен үш бірдей Боинг-757-200 ұшағын алған. Алғашқы Боинг елімізге сәуір айының аяғында, екіншісі шілде айында, үшіншісі 2005-жылғы жаздың аяғында әкелінеді. "Бұл ұшақтар 2000-жылы жасалып шыққан, бұған дейін Испанияда ұшты. Бұл - мен тапқан ең жас ұшақтар",- деді Л.Пакстон. "Эйр Астана" ЖАҚ ұшақтар қорын ұлғайту үшін операциялық лизинг есебінен тағы да жеті Боинг-757 ұшақтарын алмақшы.
Л.Пакстонның айтуынша, төрт Боинг алу туралы келіссөздер әзірге басталған жоқ. "Бұл мәселе біз Астанаға қоныс аудармайынша қаралмайды",- деді ол.
Компания қызметкерлері туралы KZ-today тілшісінің сауалына жауап берген Л.Пакстон "2005-жылдың аяғына дейін "Эйр Астана" жұмысқа 400 қызметкер, соның ішінде 120 жолсерік қабылдайды",- деп хабарлады.
2005-жылдың 5-сәуіріндегі жағдаймен әуе компаниясында 1020 қызметкер жұмыс істейді. Олардың 147-сі ұшқыштар, 286-сы жолсеріктер, 116-сы техниктер, соның ішінде 8 шетелдік менеджерлер бар.
2004-жылы әуекомпаниясындағы жолаушылар ағыны 842 885 адамды құрады. Бұл 2003-жылғы деңгейден 118 процентке артық. Қазір әуе компаниясының ұшақтар қорында 11 ұшақ бар.