"Өз меншігінде ұшақтарының болмауы Ұлттық әуе компаниясына лайық емес",- деді К. Мәсімов. Ол "Самұрық" холдингіне экономика және бюджетті жоспарлау министрлігімен және де көлік және коммуникция министрілігімен бірлесе отырып, осы мәселені міндетті түрде пысықтауды тапсырды.
Сондай-ақ, "Самұрық" Холдинг" АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев "бүгінгі күнде компанияның шетелдік жағы жаңа ұшақтар сатып алуға қарсы екендігін" атап өтті. С. Мыңбаев, "Эйр Астана" жаңа ұшақтар сатып алуға тиіс екендігін атап көрсетті. "Мен мұны жүзеге асыру қажет деп санаймын",- деді ол.
Сонымен қатар көлік және коммуникация вице-министрі Азат Бектұров "Эйр Астана" әуе компаниясының үстіміздегі жылы лизингке алты жаңа ұшақ сатып алатындығын, олардың төртеуі осы күнде Қазақстанға келіп қойғандығын хабарлады. Нәтижесінде компанияның әуе кемелері паркі 18 бірлікке жетті. Көлік және коммуникация министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, "Эйр Астана" 2015 жылы 35 әуе техникасын сатып алуды жоспарлап отыр.
"Эйр Астана" АҚ акционерлері Қазақстан үкіметі (акцияның 51 пайызы) мен "BAE Systems Ltd" (акцияның 49 пайызы) болып табылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті