Caravan Logo

«Эйр Астана» әуе компаниясы ұшақтарында интернет қосылатын болды

«Эйр Астана» әуе компаниясы ұшақтарында интернет қосылатын болды

Жолаушылар кең жолақты ғаламторға қол жеткізу үшін 1500-7500 теңгеге дейін ақша төлейді.

Әуе компаниясының корпоративті коммуникациялар департаментінің хабарлауынша, «Боинг-767» бортында Inmarsat's Global Xpress (GX) Aviation желісімен жұмыс жасайтын Rockwell Collins кабиналық жүйесі орнатылды.

Жолаушылар бортта планшет, смартфон, компьютер қолдана алады.

Атап айтқанда, "Старт" пакеті 15 МБ - 1500 тг, "Бизнес" пакеті 50 МБ - 4500 тг, "Cупер" пакеті 100 МБ - 7500 тг болмақ.

«Компанияның басты міндеттерінің бірі - жаңа технологияларды енгізу, жерде болсын, көкте болсын жолаушылардың талап-тілегін орындау», - деді компания өкілі Андрей Гулев.


«GX Aviation - бұл борттағы кең жолақты интернет байланысын қамтамасыз ететін бірегей өнім. «Эйр Астана» мұндай қызметті әлемде кең фюзеляжды ұшақтарда бірінші рет енгізіп отыр», - деді Inmarsat Aviation өкілі Фредерик ван Эссен.