Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "Эйр Астана" әуе компаниясы 51 процент акциясы ҚР үкіметінің, 49 проценті BAE Systems Ltd компаниясының иелігіндегі бірлескен кәсіпорын болып табылады. Ол 2001-жылы құрылған.
Әуе компаниясының көлік қоры 11 ұшақтан тұрады. Қазіргі жағдаймен, компанияның көлік қорында бір "Бойнг 737-800", екі "Бойнг-737-700", үш "Бойнг-757-200" және бес "Фоккер-50" ұшағы бар.
2005-жылдың аяғына дейін әуе компаниясы 6 млн. доллардың пайдасын таппақшы. 2004-жылы салық төленгеннен кейінгі әуе компаниясы тапқан пайда көлемі 11,7 млн. долларды, 2003-жылы 1,7 млн. долларды құрады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті