"Эйр Астана" әуе компаниясының жаңа аэробусы Астана - Ақтөбе - Астана әуе рейсіне қатынай бастады

"Бұл оқиға ҚР Көлік және коммуникация министрлігі мен ұлттық тасымалдаушы "Эйр Астана" арасындағы бірлескен іс-әрекеттер аясында елордадан бастау алатын әуе қатынасының кеңеюіне ықпал етеді", - деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, Көлік және коммуникация министрлігінің ақпаратына сүйенсек, А-320 ұшағы Мәскеу - Өскемен, Өскемен - Франкфурт, Стамбул - Өскемен, Өскемен - Стамбул, Анталья - Өскемен бағыттарымен тоғыса отырып, аптасына үш рет Астана - Өскемен - Астана бағытында рейстер жасайды.

ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, бұдан былай жаңа тоғысулар болады: Дубай - Ақтөбе, Франкфурт - Ақтөбе, Мәскеу - Ақтөбе.

Естеріңізге сала кетсек, қаңтар айында "Эйр Астана" АҚ президенті Питер Фостер бюджет қаражаттарын, мемлекеттік кепілдемені және акционерлер тарапынан салымдарды пайдаланбай әлемдік ұшақ шығарушылармен алты "А-320" аэробустары мен үш "Боинг-787" ұшақтарын сатып алу жөніндегі келісімге қол жеткізілгені жайында мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, 2022 жылға қарай әуе паркін 63 ұшаққа дейін кеңейтуді қарастыратын әуе компаниясының ұзақ мерзімдік даму жоспары жасалынған.