"Эйр Астана" операциялық лизинг шартымен алынған Fokker-50 ұшақтары бойынша берешектердің уақытынан бұрын өтелу мүмкіндігін жоққа шығармайды

"Біз қазір бұл мәселені қарауды жоспарлап отырмыз",- деді ол. Л.Пакстонның айтуынша, 2004-жылы 3 жыл мерзіммен бес бірдей Fokker-50 ұшағы операциялық лизингіге алынған. Алайда 2004-жылдың ішінде Fokker-50 ұшақтары техникалық ақауларға байланысты бірнеше мәрте ұшпай қалды.

Қазір әуе компаниясының ұшақтар қорында 11 ұшақ бар. Соның ішінде Боинг 737-800 ұшағынан біреу, Боинг 737-700 ұшағынан екеу, Боинг 757-200 ұшағынан үшеу және Fokker-50 ұшағынан бесеу бар.