Баспасөз қызметі хабарлағандай, Қазақстан Республикасының ішкі рейстері мен Мәскеуге ұшу бойынша жеңілдіктер Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 100 пайыз, оларды ертіп жүрген жолаушыларға 50 пайыз беріледі. Бұл ретте әуежай және басқа да жолаушылар алымы қосымша толық негізде алынады.
Жеңілдік мамырдың 1 - 31 аралығында жарамды. "Көрсетілген жеңілдікпен рәсімделген әуе билеттері бойынша кері ұшу 2008 жылдың 30 маусымына дейін аяқталуы керек", - деп көрсеткен баспасөз қызметі.