"Эйр Астана" ұшағы әуеге көтеріле бергенде құспен соқтығысты

"2017 жылы 30 шілдеде "Эйр Астана" әуе компаниясының Алматы-Ақтау бағларлы КС 884 рейсін орындаушы Airbus A321 ұшағы ұшып бара жатқан кезде құспен соқтығысқан. Ұшақ Алматыдан 22:25-те ұшып шыққан. Ұшу қауіпсіздігі мақсатында экипаж ұшақты әуежайға қайтаруға шешім қабылдады. Ұшақ 23:40-та Алматы әуежайына сәтті түрде қонды", — деп хабарлады компания. 

Баспасөз қызметі атап өткендей,  әуекомпания инженерлері ұшақты тексеріп шығып, еш жері бүлінбегенін анықтады. 


Содан соң ұшақ Ақтауға 00.55-те аттанып кеткен.