Қ.Нағмановтың түсініктемесіне сәйкес, әуе компаниясының мүліктерін бір лотпен сату туралы шешім 2004-жылы қабылданған. "Осы бағытта 11 байқау өткізілді",- деді ол. Алайда, "әзірге мұндай инвестор табылмай отыр",- деді Қ.Нағманов.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2004-жылдың 19-мамырында Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі коллегиясы "Эйр Қазақстан" ЖАҚ-ын банкрот деп тану процедурасын бастау туралы Алматы экономикалық сотының шешімін негізді деп жариялады.
"Эйр Қазақстан" әуе компаниясы 2004-жылдың ақпан айында тұрақты рейстерді жүзеге асыруды доғарды.