Эколог Мэлс Елеусізов президент сайлауында бақ сынаудан бас тартты


«Мен сайлауға қатысудан бас тартуға бел будым. Бұған бірінші кезекте қаражаттың жоқтығы түрткі болды», -  деп мәлімдеді ол сейсенбі күні журналистерге.
Айтуынша, оның «сайлау науқанын өткізуге қаржыны тауып үлгермеген».
«Бұл өте қомақты сома. Сондықтан өзімді де, өзгелерді де қинамас үшін кандидатурамды алып тастауға бел будым. Екінші себеп -  уақыттың тығыздығы. Мен осынша аз уақытта 100 мың дауыс жинап үлгермеймін. Басты екі себеп осы», - деп қосты эколог.
64 жастағы М.Елеусізов 2005 және 2011 жылдардағы президент сайлауына да өз кандидатурасын ұсынған болатын.
2011 жылғы сайлауда оған сайлаушылардың 1,2 пайызы ғана дауыс берді.