"Биыл табиғат қорғауды мемлекет тарапынан қадағалау талаптары күшейтілді, сөйтіп біздің министрліктің бастамасына сәйкес, экологиялық заңдарды бұзғаны үшін сот органдарының шешімімен Қазақстанда 226 кәсіпорынның жұмысы уақытша тоқтатылды ", -деді Н. Ысқақов.
Министрдің мәліметтерінше, осындай заң бұзушылықтар үшін өткен жылы 40 млрд теңгеден астам айыппұлдар мен шағымдар өндіріп алынған, ал 2005 жылы бұл көрсеткіш небәрі 10 млрд теңгені құраған.
"Табиғат қорғау заңнамасын бұзу көрсеткіштері осының есебінен 2006 жылдғымен салыстырғанда 20%-ға азайды", - деді министр.
Н. Ысқақовтың айтуынша, өткен жылы "мемлекет басшысының су қорғау аймақтарындағы экологиялық талаптардың сақталуын тексеру жөніндегі тапсырмасын орындауға баса назар аударылды". "Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша 320 нысан тексеріліп, 119 заң бұзушылық анықталып, 19 іс сот органдарына тапсырылды, 20 нысанның жұмысы тоқтатылды. Аталған деректер бойынша 20 млн астам теңгенің айыппұлдары мен шағымдары өндіріп алынды", -деді ол.
"Еліміздің барлық өңірлерінде осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табуда", -деді Н. Ысқақов.