Экологияны қорғаушы Елеусізовтің үстінен сотқа 4 арыз берілген

"Өртке қарсы қызмет, табиғи ресурстарды қорғау басқармасы, жер қатынастарын реттеу басқармасы, СЭС менің үстімнен арыз беріп отыр", деді ол жұмада "Интерфакс-Қазақстанға".

Ол "билік мені басып, жаншығысы келеді", деген сенімде.

"Мұның бәрі тапсырма бойынша істеліп отыр.Есімовті сынаған соң оның әріптестері менің көзімді құртпақ. Сотқа сүйреп, шаршатпақ", деді ол.

Оның айтуынша, олар "Табиғат" ұйымдастырған қоқыс контейнерлері қойылған сұрыптаушы алаңшаның жабылуын талап етіп отыр.

Алдында хабарланғандай, Алматының табиғи ресурстар және табиғатты қорғау басқармасы М,Елеусізовтен ағаш кесіп алынды мыс, деген жалған ақпарат үшін 15 млн теңге өндірмек болған. Алдында сарапшы кесіп алынған ағаштар отын үшін гранула жасайтын кәсіпорынға өткізіліп отыр, деп мәлімдеген болатын.