Экономика министрі орынбасарының пайымдауынша, еліміздің заңдарында сайланған әкімдерді кері шақырып алу тетіктері қарастырылуы тиіс

"Еліміз заңнамасында осындай мүмкіндік қарастырылуы тиіс. Өйткені, ауыл тұрғындарының саяси сауаттылық деңгейі төмен болғандықтан, кез-келген ЖШС директорының өзі онда өктемдік жүргізе алады. Ондай адам билікке келсе, тұрғындардың мұқтаждығынан гөрі өз мүддесін жоғары қоятыны сөзсіз",- дейді Б.Исаев.

Вице-министрдің пікірінше, сайланған әкімді кері шақырып алу функцияларын "мәслихатқа, немесе, басқа да жергілікті өзін-өзі басқару мекемесіне өткеріп беруге болады".