«Теңге бағамының түзетілуін ескере отырып келесі жылғы ІЖӨ өсімінің негізгі өлшемдері қайта қаралды. ІЖӨ шынайы өсімі бұрын болжанған 6% деңгейде қалмақ. 2014 жылы номиналды ІЖӨ мөлшері жоспарланған 6,5 пайыздық деңгейге артып, 41,1 трлн теңгені құрайды», - деп ол бүгін Астанада президенттің қатысуымен өткен кеңейтілген үкімет отырысында атап көрсетті.
2012 жылғы 5%-бен салыстырғанда 2013 жылы ІЖӨ 6%-ға өсті.
Президент халыққа арнаған жыл сайынғы жолдауында республиканың ІЖӨ өсімі 2014 жылдың қорытындысы бойынша 6-7% пайызды құрауы тиіс екенін мәлімдеді.