2016 жылы Ұлттық қор активтері 122,1 млрд теңгеге жетпек. Бұл туралы еліміздің Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті.
«Болжам бойынша, мұнай секторынан түсетін салықтың арқасында Ұлттық тқордағы ақша 2016 жылы 122,1 млрд теңгеге жетуі тиіс», - деді ол үкіметтің сәрсенбідегі отырысында Қазақстанның 2014-2018 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму жобасымен таныстыру барысында.
Министрдің айтуынша, 2014-2016 жылдары Ұлттық қордан 1 трлн 380 млрд теңге трансферттеледі. Бұл биылғы трансферт деңгейімен тең.
Тамыз айының басындағы деректерге сүйенсек, Ұлттық қорда 64,3 млрд теңге қаржы жинақталған.