"Ол үшін 2007 жылы ондағы қорды республикалық бюджеттен 20,5 млрд теңге көлемінде қосымша ұлғайту көзделіп отыр", - деді Б. Сұлтанов.
Сонымен бірге, оның айтуынша, Қазақстанның ипотекалық компаниясы қаржыны несиелік капитал нарығынан алуға, ал өз қаржысын "ипотекалық нарықты тұрақтандыруға, бірінші кезекте үлес қосушылардың қаржысына салынып жатқан баспана қожайындарының құқығын қорғауға бірінші кезекте жұмсауға тиіс".
"Қажет болған жағдайда Қазақстанның ипотекалық компаниясының капитал көлемі 2008 жылы да ұлғайтылады", - деді Б. Сұлтанов.
Оның түсіндіруінше, бұл шара үкіметтің еліміздегі әлеуметтік-экономикалық даму тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған бірінші кезектегі іс-шараларының жоспарына қамтылған, оны еліміздің экономика маинистрлігі басқа да мемлекеттік органдармен және бизнес-қауымдастықтармен бірлесе отырып, Ақордада 11-қазанда үкімет мүшелерінің қатысуымен өткен кеңесте президент берген тапсырма бойынша жасап шығарды.
"Іс-шаралардың бұл жоспарында экономикалық дамуды қолдау үшін қосымша қаржы ресурстарын бөлу тетіктерін мемлекеттен қаржыландыруды қарастырады", - деді министр.
Оның айтуынша, Қазақстанның ипоеткалық компаниясын қаржыландырумен қатар
Мемлекеттік қаржыландыру даму институтары арқылы да жүзеге асырылып, "олар шағын және орта бизнес кәсіпорындарын банк жүйесі арқылы қолайлы шартпен қаржыландыра бермек". "Даму институттары арқылы мемлекеттік қаржыландыру бұған қоса басымдық берілген инвестициялық жобаларды қолдауға да жұмсалады", - деді Б. Сұлтанов.
"Рыноктың бұл сегменті қайтарымдық сипаттағы ауқымды қаржы талап ететіндіктен, осы мақсатқа бюджеттен 122 млрд теңге бөлу ұсынылып отыр", - деді Б. Сұлтанов.
Оның бағалауынша, аталған шараларды жүзеге асыру "үлес иелерінің проблемаларын шешуге және ипотекалық нарықтың тұрақтылығын қамтаамсыз етуге мүмкіндік береді", сондай-ақ, "шағын және орта бизнестің жобалары мен келешегі бар инвестициялық жобаларды үздіксіз жүзеге асыруға мүмкіндік береді, олар ел экономикасының тұрақты өсуін қамтамасыз етеді". "Жалпы алғанда осынау шаралар банктер тарапынан ел экономикасын несиелендіоу көлемін күрт қысқартуға жол бермейді, өйткені, ағымдағы және одан кейінгі жылдарда бұл мақсатқа бюджеттен $4 млрд дейін қаржы бөлінеді", - деді Б. Сұлтанов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті