Н.Коржованың айтуынша, "холдинг тұжырымдамасының жобасы министрліктер мен мекемелердің ескертулерін қарастыру негізінде экономикалық саясат жөніндегі кеңестің талқысына ұсынылды". "Экономикалық саясат жөніндегі кеңес тұжырымдама жобасын негізінен мақұлдап, ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрлігіне осы айдың аяғына дейін холдингіге кіретін компаниялардың тізімін айқындау, холдинг құру жөніндегі бизнес-жоспарды жылдың аяғына дейін үкіметке енгізу туралы нұсқау берді",- деді ол.