Экономика министрлігінің болжамына сәйкес 2008-2009-жылдарда жалақының өсу қарқыны бәсеңдеп, еңбек өнімділігі артады



"Біздің болжамымызға сәйкес, 2008-2009-жылдарда нақты жалақының өсу қарқыны еңбек өнімділігінің өсу қарқынынан бәсеңдейді",- деді М.Құсайынов. "Мемлекет басшысының жолдауында берілген тапсырмаларды жүзеге асыруға байланысты іске асырылып жатқан индустриялық-инновациялық даму стратегиясында еңбек өнімділігінің өсу қарқыны артады". "Нәтижесінде біз тиімді арақатынасқа келеміз",- деді вице-министр.

Оның айтуынша, кейінгі кездері Қазақстанда "еңбек өнімділігінің өсу қарқынымен салыстырғанда жалақы өсімінің қарқыны оза арту ағымы байқалуда". 2005-жылы еңбек өнімділігің өсімі 9 процентті құраса, ал нақты жалақы 12 процентке өсті.

2006-жылы еңбек өнімділігің өсімі 8,1 процентті құраса, ал нақты жалақы 9,9 процентке өсті.