Экономикалық қысым салдарынан Йемен халқының үштен бірі аштан қырылуы мүмкін

Оның салдарынан жанармай, азық-түлік және дәрі-дәрмектерді жеткізу қысқарды. Бұл туралы Baq.kz «Росбалт» порталына сілтеме жасап хабарлайды.

«8,4 млн йемендіктің өмірі гуманитарлық операцияларға, азық-түліктерді, ауыз суды, медициналық көмекті жеткізуге және тұрғынжайға тәуелді», - деп хабарлады халықаралық ұйым өкілдері.

Йеменде 7 млн-ға жуық адам гуманитарлық көмекке мәжбүр. Ал, 400 мың бала аштықпен күресіп жатыр.