Экономикалық саясат жөніндегі кеңес Ұлттық қорды дамытудың орта мерзімді тұжырымдамасын мақұлдады

"Жалпы алғанда тұжырымдама оң бағаға ие болды. Сөйтіп, тұжырымдамаға арқау болған бюжеттің тепе-теңдік үлгісі алдын-ала мақұлданды. Енді біз оны кеңеске қатысушылардың ескертулері негізінде толықтыратын боламыз". Оның айтуынша, "үлгіні толықтыру мен ел заңдарына енгізілетін тиісті өзгерістер жобасын жасауға жылға жуық жұмалады. Демек, тұжырымдама 2006-жылдан бастап қолданысқа енгізіледі деп есептеу керек".

"Мұнай саласының кірістерін толық аудару туралы сөз қозғағанда тұжырымдама жобасын жасаушылар тікелей салықтар туралы айтқанын ескеру қажет",- деді Ғ.Өзбеков. "Ал қосалқы және жергілікті салықтарды біз әзірге жергілікті бюджеттің қарамағында қалдыруды ұйғардық",- деді ол.