В.Густовтың айтуынша, жұмыс топтары төрт ел парламентшілерінің желтоқсан айының басына межеленген кездесуі барысында құрылуы мүмкін. Біртұтас экономикалық кеңістіктің айрықша маңызды құжаттары сол топтардың аясында талқыланады деп күтілуде. Федералдық кеңес мүшесінің пікірінше, бұл келісімдерді бұрынғыдан да ырғақты, тез арада бекітуге септігін тигізеді.
Таяу уақыттарда Біртұтас экономикалық кеңістікке мүше елдер аясының кеңейтілу мүмкіндігіне тоқталған В.Густовтың айтуынша, бұл бірінші кезекте экономикалық "төрттіктің" жұмыс нәтижесіне байланысты болмақ. "Бәрі де ойдағыдай болған жағдайда Біртұтас экономикалық кеңістікке Грузия, Әзербайжан және Армения республикалары мүшелікке өте алады",- деп санайды депутат. Ол сондай-ақ, бірлестікке посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық процесстерге "бұрынғыдан белсендірек араласа бастаған" Өзбекстанның да бірігу мүмкіндігін жоққа шығарған жоқ.