Экс-ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Ақмола облысының әкімі лауазымына тағайындалды

Марат Ахметжанов Ақмола облысының әкімі лауазымына тағайындалды. Тиісті Жарлыққа Мемлекет басшысы қол қойды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Мұратұлы Ахметжанов Ақмола облысының әкімі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Естеріңізге салайық, бұған дейін Ақмола облысының әкімі қызметін Ермек Маржықпаев атқарған болатын. Президенттің Жарлығымен 2 қыркүйекте Ермек Маржықпаев туризм және спорт министрі болып тағайындалды.


Ал, Марат Ахметжанов бұған дейін іші істер министрі қызметін атақарған болатын.