ЭКСПО аумағына кіру үшін түйелерге де куәлік жасатуды сұраған

Кірер есікте күзетшіге олардың түйе екенін айтса да акретитациядан өткені туралы куәлігін талап еткен.

«Кейіннен акредитация орталығына хабарласқанда, оператор қыз куәлік жасау үшін 3×4 көзілдіріксіз түскен сурет, әртістің аты-жөні, толық номиналы керек екенін айтты», – деп жазады Айгүл Ибраева есімді желі қолданушысы.


«Куәлік жасалғанымен барлығы шындыққа сәйкес келген жоқ. Бір түйенің суретін барлық 4 түйенің мойнына ілдік. Осы уақытта Тараздан бір топ әртіс те келіп жетті», – дейді ол.