Брифингте тілшілер компания өкілінен «аймақтарда мұғалімдерге билет мәжбүрлі сатылып жатқандығы туралы ақпарат тарады, бұл фактілер нақтыланды ма?» деп сұрады.
«ЭКСПО» ұлттық компаниясы тарапынан бұндай тапсырма болған жоқ. Құқық бұзушылықтарға жол бермес үшін арнайы желіні қосқанбыз», - деді А.Арзықұлова.
Осы орайда маман компания сайтында арнайы ақпарат бар екендігін, және hotline@expo2017astana.com поштасы ашылғандығын айтты.
«Егер ЭКСПО билеттеріне қатасты құқық бұзушылықтар болса, осы электронды поштаға нақты фактілерді жазып жіберуге болады. Бірақ та, бүгінгі таңда бұндай құқық бұзушылықтар бойынша шағымдар тіркелген жоқ», - деп қорытындылады А.Арзықұлова.
Атап өтсек, билет алуға заңсыз күштеу жайлы 87023326521 мен аталған қауырт желідегі whatsapp арқылы хабарлауға болады.