Әңгіме барысында Р.Жошыбаев ЭКСПО-2017 көрмесіне ресейліктердің белсенді қатысу мәселесін қозғап, аймақ деңгейінде ресейлік туристерді көрмеге тарту бойынша бірлескен жұмысты жолға қою туралы ұсыныс жасады.
«Біз қазақстандық серіктестермен ынтымақтастық орнату мүмкіндіктері бар бағыттарды талқылауға келістік. Қазақстанды да, Ресейді де тамашалауға мүмкіндік беретін бірлескен туристік бағыт көпшілікті қызықтырады», - деді РФ туризм бойынша Федеральдық агенттігінің басшысы.
Сондай-ақ ол Қазақстанның ЭКСПО көрмесін өте жоғары деңгейде өткізетініне сенімін білдірді.
Кездесу соңында РФ туризм бойынша Федеральдық агенттігінде тараптар «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ мен Ресей индустриясы және туризм кеңесі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.