ЭКСПО компаниясы жарнамалық макеттегі қатеге қатысты түсініктеме берді

Жарнамадағы өрескел қате туралы Бақыт Тушаев есімді желі қолданушысы өзінің фейсбуктегі парақшасында жазып қалдырғанын Caravan.kz. хабарлаған еді.

"Достар, Алматыдағы метроның Райымбек станциясында тұрған экспоның қазақша жарнамасы. Ұят, білдей ЭКСПО-ның жарнамасы қазақша қате жазылған. Ары өтіп бір, бері өтіп екі рет ескерту жасадық. Сөзімізді бір жерлеріне де қыстырмады. Метрополитеннің президентінің көмекшісі Айдар Қырықбаев досым, мына қателік сіздей азамат үшін үлкен сын. Тезірек түзетіп, не болмаса алып тастауларыңызды талап етемін" деп жазыпты желі қолданушысы.

Осы тұрғыда А. Шайжүнісов «осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ «Әсер алып, шабыттан» атты ұранмен жарнамалық науқан бастады. Бұл жарнамалық макет уәкілетті мемлекеттік органдармен келісіліп, еліміздің қалаларындағы әуежайлардың, теміржол вокзалдарының билбордтарына ілінді. Ынтымықтастық аясында, макет әртүрлі мекемелерге де жіберілген болатын», - деп хабарлады.


«Бұл жағдайда, өндіріс кезінде техникалық қате кеткен. Алматы қаласының метросына ілінген макетті аз уақыттың ішінде ауыстырамыз», - деді А.Шайжүнісов.