ЭКСПО көрмесінің аумағындағы өрт ауыздықталды - ТЖК

«Бүгін сағат 11.01-де «ЭКСПО» көрмесінің аумағында салынып жатқан ғимаратта өрт шықты деген ақпарат келді. Өрт сөндірушілер құрылысы жүріп жатқан нысанның 4-қабатының төбесі мен жылытқыш өртеніп жатқанын анықтады. Өрттің аумағы шамамен 50 шаршы метрді құрайды»,-деп хабарлады Р.Иманқұлов.

Астана қаласы өрт сөндіру қызметінің жеке құрамындағы 55 өрт сөндіруші сағат 11.25-те жалынды толықтай ауыздықтап, өрттің өршіп кетуіне тосқауыл қойған.

«Өртті сөндіру үшін 8 негізгі және 3 арнайы техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ»,-деп мәлім етті Р.Иманқұлов.