ЭКСПО-2017 көрмесi қазақстандық кәсiпкерлер үшiн «алтын қазына» болады - Н. Қаппаров


«Көрме шағын және орта кәсiпкерлiк үшiн «алтын қазына» болады деп айтуға әбден келедi. Себебi көрме нысандарын тамашалауға күнiне 100 мыңнан 120 мыңға дейін адам келеді деп жоспарлануда. Павильондардың маңында кәсіпкерлерге жағдайлар жасалады, мейрамханалар, дәмханалар, қонақүйлер, дүкендер және көптеген кәсiп түрлерi ашылады. Ол жерде кәсіпкерлік өркендейді», - дедi Н.Қаппаров ЭКСПО-2017 архитектуралық жобасы тұжырымдамасы таныстырылымына арналған брифингте.