«Экспо-2017» көрмесі уақытында визалық жеңілдіктер болуы мүмкін

Бұл жөнінде бүгін ҚР Индустрия және  жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары Әсет Мұсағалиев ТМД елдерінде туризмнің дамуына арналған «Астана-Москва-Киев-Кишинев-Ереван» телекөпірі кезінде мәлім етті.

«Қазіргі уақытта еліміздің Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп топтық виза мәселесінің жобасы талқылануда. Шартты түрде айтар болсақ, 15 адам визаны бір сәтте алатын болады. Бұл әрине көп нұсқалардың бірі.  Немесе визасыз режім қаралады. Бұл да белгілі бір топтарға ғана арналып, ал жауапкершілігі туроператорларға жүктеледі»деді Ә. Мұсағалиев.

Биылғы 2014 жыл ТМД елдерінде туризм жылы болып жарияланды. Жыл бойына мемлекеттер арасында туризм саласын дамытуға бағытталған түрлі шаралар өтеді. Сондай-ақ, бұл саланың құқықтық негізі қаланады, статистикалық есебі жүргізіліп, туристік қызметтің ортақ стандарттары белгіленеді.