ЭКСПО-2017 көрмесіне билеттер бағасы 4 мың теңгеден басталды

Астанада өтетін халықаралық көрменің билет бағдарламасы шараны өткізудің әлемдік тәжірибесінде бірегей болып табылады. Экспозицияны Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектері, мүмкіндігі шектеулі жандар, жетім және 6 жасқа дейінгі балалар тамашалай алады. Зейнеткерлер, көп балалы аналар, студенттер мен оқушыларға жеңілдіктер жасалады.  

ЭКСПО көрмесіне 2 миллионнан астам қонақ, бес миллионға жуық рет келеді деп күтілуде. Қазіргі кезде 89 мемлекет пен 15 халықаралық ұйым ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатындарын растады.

Билеттер мен басқа да билет өнімдері сатылымға кезең-кеземен шығарылады. 10 маусым —10 шілде аралығында промокезең өткізіледі, бұл кезде билетті барынша төмен бағамен сатып алуға болады. Ал 10-20 маусымда 50%, 21-30 маусымда 30%, 1-10 шілдеде 20% жеңілдік жасалады.

Сонымен қатар, 10 шілде–10 тамыз аралығында туроператорлар мен реселерлер үшін промокезең өткізіледі. Үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегінде барша Қазақстан бойынша офлайн-кассалар ашылады. Ұлттық мерекелерді өткізу аясында билеттерді көшпелі сатуды ұйымдастыру жоспарланған. Бұдан басқа, билет сатуға ЭКСПО-2017 серіктестері – «Казпочта» АҚ,  «Қазақстан темiр жолы» ҰК» АҚ, «Air Astana» АҚ тартылады.


Жалпы алғанда, билеттерді алдын ала сату биылдан бастап 2017 жылдың 9 маусымына дейін жүргізіледі. Билетті www.tickets.expo2017astana.com сайтынан сатып алуға болады.