Сессия 11 маусым күні Парижде өтеді, деп хабарлады «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.
«Шара барысында Халықаралық көрмелер бюросының туы Қазақстанға тапсырылатын болады және ЭКСПО-2017 ресми мойындалу шарасы өткізіледі,"делінген хабарламада.
« Бұдан кейін халықаралық сахнада ЭКСПО-2017 имиджін арттыру мен шетелдік қатысушыларды көрмеге жұмылдыру жөнінде жан-жақты,толыққанды жұмыстар басталады»,-делінген хабарламада.
2014 жылғы 24 сәуірде Парижде ХКБ атқару комитетінің кезекті мәжілісі аясында Қазақстан делегациясы ЭКСПО-2017 тіркеу рәсімін табысты қорғап шықты.
ЭКСПО-2017 Астана қаласында үш ай бойы – 2017 жылғы 10 маусымнан 10 қыркүйекке дейін өтеді. Оған 100-ден астам мемлекет,оннан астам халықаралық ұйымдар мен инновациялық технологиялар саласындағы түрлі жетекші компаниялар қатысады деп жоспарлануда.
ХКБ штаб-пәтері Париж қаласында орналасқан. Бүгінде көрмелер бюросының мүшелігінде 168 ел бар.