Шараның ұйымдастырушылары - «Жасыл» экономиканы қолдау мен G-Global-ды дамыту коалициясы» ЗТБ, «Тұрақты даму» жер қоры, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ, Астана қаласының Назарбаев зияткерлік мектебі.
Шараның басты мақсаты болып азаматтарды экологиялық қозғалысқа тарту, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған орта жағдайын жақсарту, Астана қаласы мен жақын өңірлеріне замануи көрік беру болып табылады.
«Тұрақты даму» жер қорының бастамасы бойынша ҚР Үкіметінің қолдауымен, жергілікті басқару органдарының, экологиялық бизнес және еріктілердің қатысуымен қаланы көгалдандыру мақсатында өткізілетін экологиялық іс-шара - «Ұлттық орман отырғызу күні» 500 көшет отырғызылады деп жоспарлануда.
Саяжолды отырғызу шарасына дипломатиялық миссия өкілдері, сенаторлар мен депутаттар, мемлекеттік орган өкілдері, мәдениет және спорт қайраткерлері, қоғамдық ұйым көшбасшылары, Астана қаласының құрметті тұрғындары, жастар көшбасшылары, студенттер және Назарбаев зияткерлік мектебінің ұстаздары мен оқушылары қатысады.