ЭКСПО-2017 ұйымдастырушылары отандық бизнесті көрме жобаларын жүзеге асыруға белсендірек атсалысуға шақырды


Бұл туралы «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-ның басқарушы директоры Салтанат Рақымбекова мәлім етті.
«Бизенсті қатыстыру – президент тапсырмасы болатын. Сондықтан қазақстандық бизнес ЭКСПО-2017 шараларына құрылыс материалдары мен технологияларды жеткізумен айналысып қана қоймай, қызмет түрлерін ұсынуына  және инфрақұрылымды дамытуға үлес қоса болады», - деді ол сәрсенбі күні ОКҚ өткен брифингте.
«Жуырда президенттің тапсырмасы бойынша ЭКСПО-2017 өткізуге және нысандарын салуға қосымша 40 млрд теңге бөлінген болатын. Назар аударсаңыздар, бұл қаражат ЭКСПО-2017 шараларына, несиелеуге беріледі. Ол қаржы «Бәйтерек» ұлттық компаниясы арқылы бизнеске беріледі», - деп түсіндірді ол.