«Астана Экспо-2017» ұлттық компаниясының есепке жүйрік басшысының үнемге көшкенін президент қолдап отыр. Себебі дағдарыс кезінде бюджеттің әр тиынын мұқият жұмсау қажет. Ахметжан Есімов, Елбасыға халықаралық көрмеге қатысуға 70 мемлекеттің нақты келісім бергенін қуана айтты. Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев Ахметжан Есімовке, «Эксподан» кейін алып құрылыстардың қаңырап бос қалмай халықтың игілігне қызмет етуін мықтап тапсырды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:
-Сонда бюджеттің қаражатын анадағы тапсырма бойынша 78 миллиардқа қысқарттың. Қазір тағы 53-ке, сонда 131 миллиард теңгеге қысқарып отыр. Келетін халықтардың 80 проценті өзіміздікі болады ғой.Коммуникация, қай облыстан қайдан келеді? Қалай ұйымдастырылады?Сырттан келетіндер аз боп қалмасын. Бізге көрсетуіміз керек қой.
Loading...