ЭКСПО-ның ашылуына 20-ға жуық мемлекет және үкімет басшысы қатысады

Сондай-ақ ШЫҰ отырысына келетін делегация басшыларының құрметіне мерекелік концерт өтеді. 

Министр ШЫҰ отырысының тарихи мәні зор екенін атап өтті. Ұйымға мүше мемлекеттердің басшылары Астана декларациясына қол қояды, ШЫҰ экстремизмге қарсы іс-қимыл конвенциясы қабылданып, Үндістан мен Пәкістанға ШЫҰ-ға мүше мемлекет мәртебесін беру бойынша қажетті рәсімдер аяқталады. 

Бұдан бөлек, мемлекет басшылары ұйымның дамуы мен міндеттерін айқындайтын отырыс өтеді. 


Айта кетейік, Шанхай ынтымақтастық ұйымы – 2001 жылы Қазақстан, Қытай, Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстанның мемлекет басшылары негізін қалаған халықаралық ұйым.