Бірақ сол мол ақшаның көлемі құпия ұсталып отыр. Ал лауазымды қызметінен алынған 46 жастағы Ермегияев изоляторға емес, үй қамаққа алынды. Тағынан тайған шендінің элиталық пәтерінде басқан ізін тергеушілер аңдып отыр. Күдікті тергеуге кедергі келтірмесі үшін телефонмен сөйлесуге, хат алмасуына тыйым салыныпты. Тағылған «ірі көлемде қаржы жымқыру» бабы бойынша, «ЭКСПО»-ның экс-басшысы 12 жылға дейін сотталуы мүмкін. Ермегияевқа дейін халықаралық көрменің құрылысына жауапты болған Қажымұрат Үсенов тұтқындалған болатын. Жантүршігерлік жол апатын жасаумен аты шыққан Мақсат Үсеновтың әкесі де қазір Астанадағы пәтерінде қамауда отыр. Деректерге сенсек, Қажымұрат Үсенов Ермегияевтің байланысы бар компанияларға тендер ұтып беріп, бюджет ақшасын бірігіп жеген.
Loading...