«Экспоның» топ менеджерлері жаппай қызметтен кетіп жатыр

Қызметінен кеткен Рақымбекова ханым «Экспоға» еңбегім сіңді деп отыр. Себебі ауқымды 24 әлеуметтік іс шара ұйымдастырып, оның 5-уін ұлттық компания қаржыландырған екен. Басқарушы директор бұған дейін «Эскпоның» бірінші басшылары Талғат Ермегияев бастаған лауазымды топ менеджерлердің тұтқындалуы халықаралық көрменің беделіне нұқсан келтіретінін айтқан. Ал Рақымбековмен бірге Басқарма төрағасының  орынбасары болған Вера Кобалия да өз еркімен отставкаға кетіпті. 34 жастағы бикеш бұған дейін Михаил Саакашивлидің командасында Грузияның Экономика министрлігін басқарған болатын. Миллиондап жалақы алатын грузин қызын Астанаға кім шақырғаны белгісіз. Ал Рақымбекова қоғамдық жұмысқа қайта оралғанын интернеттегі парақшасына жазыпты.

Салтанат Рақымбекова, "Астана ЕХРО-2017" ҰК АҚ бұрынғы басқарушы директоры:

-Құрметті достар! 9-шы шілдеден бастап өзімнің сүйікті қоғамдық жұмысыма қайта ауыстым. Осы салада мен "ЕХРО-2017" ұлттық жобасына көбірек пайда әкелетінімді енді түсіндім

Loading...